Евразиялық одақ

Қазақстан ЕАЭО монополияға қарсы заңнамасы нормаларының 90 пайызын ұлттық заңнамаға енгізді - ЕЭК

Қазақстан ЕАЭО монополияға қарсы заңнамасы нормаларының 90 пайызын ұлттық заңнамаға енгізді, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияны реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов «ЕАЭО трансшекаралық нарықтардағы өндіріс саласы мен бәсекелестіктікті адвокаттау» конференциясы барысында.
Астана қаласы22 Қазан , 12:54

Бүгінгі таңда Беларусь елінде «Бәсекелестік туралы» модельді заңның 60 пайызын енгізді, Қазақстанда – 90 пайыз, Ресейде – 94 пайыз.

Ол атап өткендей, қазіргі таңда заң нормаларын Қырғызстан мен Арменияның ұлттық заңнамалырмен үйлесімдеу жұмыстары жүргізілуде.

«Армения Республикасында «Экономикалық бәсекелестікті қорғау» заңы Үкіметте жатыр. Біздің әріптестер – Армения Республикасының монополияға қарсы топтары қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл орайда ЕаЭО елдерінің заңнамаларына сәйкес әрбір ел өзінің заңнамаларына өзгертулер енгізуде», - деді ол.




Яндекс.Метрика