Евразиялық одақ

Н.Алдабергенов: Қазақстан ЕАЭО елдері ішіндегі роуминг пен тарифтерді төмендету есебінде 2 млрд теңгеден астам қаржы үнемдей алады

Қазақстан ЕАЭО елдері ішіндегі роуминг пен тарифтерді төмендету есебінде 2 млрд теңгеден астам қаржы үнемдей алады, деді Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияны реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов «ЕАЭО трансшекаралық нарықтардағы өндіріс саласы мен бәсекелестіктікті адвокаттау» конференциясы барысында.
Астана қаласы22 Қазан , 12:47

«Қазақстан Республикасы ЕАЭО елдері ішіндегі роуминг пен тарифтерді төмендету есебінде 2,3 – 2,4  млрд теңгеден астам қаржы үнемдей алады», - деді Н.Алдабергенов.

Оның айтуынша,ЕЭК мобильді байланыс операторы ЕАЭО елдерінде тарифті төмендету ұсынылды, келісімге сәйкес, қазан айының соңына қарай арнайы жоспар ұсынылуы қажет еді.

«Бірақ, бұл тарифтер болмайтын болса, сәйкесінше, комиссия ұлттық монополияға қарсы органдармен бірлескен зерттеуді бастайтын болады. Бұл мәселе өте өзекті, ірі мобильдік операторлардан бірқатар ұсыныстар келіп түсті», - деді ол.

Министр атап өткендей, бұл мәселе осы жылдың 30 қарашасында Мәскеудегі отырыста қаралады.

 




Яндекс.Метрика