Парламент

Қазақстанда жекешелендіру уақытын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту жоспарлануда

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Астана қаласы22 Қазан , 12:42

Заң жобасы Мемлекет басшысының мүлікті жария ету процесін жеңілдету және құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан кепілдіктер қамтамасыз ету жағын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау үшін, сонымен бірге, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 41-қадамының іске асыруға бағытталады. Бұл ретте жария ету субъектілері үшін кепілдіктерді қамтамасыз ету жағынан бірқатар шаралар көзделеді.

«Атап айтқанда, біріншіден: салық және банктік заңнамаларына жария етілген мүлік туралы алған мәліметтерді және ақпараттарды беруге тыйым салынады. Екіншіден,қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде, жария ету барысында алынған ақпаратты пайдалану мүмкіндігін болдырмау көзделеді. Үшіншіден, жария ету субъектілерін қосымша қорғау жағынан қылмыстық жауаптылықты қарастыратын нақты нормалар белгіленуде, сонымен қатар жария етілген мүлікті тәркілеуге тыйым салынады»,- дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні жүргізіліп жатқан акцияны халық үшін тартымды, қолайлы және жағымды ету үшін ақшаны жария ету тетіктерін жаңадан қарап онда үш жеңілдетілген опция ұсынылады.

Атап айтқанда, ақшаны банк шоттарына оның сақталуын қамтамасыз ететін  міндеттемелерсіз, алымдарды төлемей, өз қалауымен иелік етуге ешқандай шектеусіз пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, банк шоттарына аудармай, алымды он пайыз мөлшерінде төлей отырып, ақшаны жария етуді мүмкіндігін енгізу көзделеді.  Үшіншіден, алымды төлемей «Астана» халықаралық қаржы орталығына жария етілген ақшаны инвестициялау мүмкіндігін беру.

Бұдан бөлек, жария етуді қарқынды жүргізу үшін бірқатар ынталандыру шаралары ұсынылады. Атап айтқанда, шетелдегі шоттар бойынша декларация тапсырмағаны үшін әкімшілік жазаны қатаңдатылады. Бұдан бөлек, шетелдегі мүлік бойынша міндетті түрде декларация тапсырудың қосымша талабы енгізіледі.

Осы шараларды іске асыру үшін жария ету мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту  ұсынылып отыр. Бұл негізінен жалпыға ортақ декларациялаудың және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмыс істеуімен байланысты.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика