Парламент

Қазақстанда ЖҚЗ мәлiметтерi есiрткi айналымын мемлекеттiк бақылау кезінде қолданылуы мүмкін

Қазақстанда Жердi қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәлiметтерi есiрткi заттарының айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде қолданылуы мүмкiн. Бұл жөнiнде бүгiн Мәжiлiсте «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын таныстыру қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының орынбасары Мейiрбек Молдабеков мәлiмдедi.
Астана қаласы22 Қазан , 12:17

Заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзу ЖЗҚ мәлiметтерiн ормандарға, су нысандарына мемлекеттiк мониторинг жүргiзу, мемлекеттiк экологиялық мониторинг жүргiзу, сондай-ақ, есiрткi заттарының айналымына мемлекеттiк бақылау жүргiзу кезiнде және табиғи апат және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою кезiнде қолданылуын қарастырады. 

«Яғни, iшкi iстер министрлiгiне мұндай есiрткi өсiмдiктерi қайда өсетiнi, ол аумаққа кiмнiң келгенi және ол есiрткi заттарын кiм жинай бастағаны туралы жедел ақпарат ұсынылатын болады. Мұның барлығы ғарыштан көрiнедi. Мемлекеттiк органдар үшiн ақысыз негiзде кескiндердi алу мүмкiндiгiн қарастыратын бюджеттiк бағдарлама әзiрленген», - деді М.Молдабеков.

«Аталған бағдарлама қанша уақытқа дейiн қарастырылған болса, мемлекеттiк органдар сонша уақыт бойы кескiндердi тегiн алады, сәйкесiнше, бағдарлама аяқталса, бұл қызмет ақылы болмақ. Әлемдiк тариф белгіленген. Әйткенмен, бiздiң жүйе бәсекеге қабiлеттi болуы үшiн бастапқы уақытта 20%-дық жеңiлдiк беруге тура келедi», - дедi ол.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика