Мәдениетті жаңғырту

Н.Назарбаев: Форум әлемдік құндылықтарды ілгерілетіп, ТМД кеңістігінде тату көршілікті нығайтуға өз үлесін қосады

Форум әлемдік құндылықтарды ілгерілетіп, ТМД кеңістігінде тату көршілікті нығайтуға өз үлесін қосады. Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтіп жатыр. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова форум қатысушыларына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Астана қаласы22 Қазан , 11:48

«Құрметті форум қатысушылары, сіздерді ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумының басталуымен құттықтаймын. Биылғы форум ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогын ілгерілетуге арналған.Диалог, ақпарат алмасу, рухани құндылықтармен танысу түрлі мәдениеттер мен халықтардың жақындасуы мен байланысының маңызды шарты болып табылады. Достастық мемлекеттерінің бай мәдени мұрасы, бірегей рухани және материалдық құндылықтары, ескерткіштері бар. Олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі орасан. Біздің алдымызда диалог арқылы халықтардың әрі қарай жақындасуын жалғастырып, келешекте бірлескен гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Мен форум әлемдік құндылықтарды ілгерілетіп, ТМД кеңістігінде тату көршілікті нығайтуға өз үлесін қосады деген сенімдімін. Форум қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс пен нәтижелі диалог тілеймін», - деген құттықтау сөзінде Н.Назарбаев. 

Айта кетейік, Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы өтіп жатыр. Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды. Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің форумы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Жиында ғылым, білім, мәдениет, ақпарат, туризм, спорт, жастармен жұмыс жасау аясындағы өзекті мәселелер талқыланып, біріккен іс-шаралар жоспары таразыланады. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика