ҚР ИИДМБ

«Тараз химиялық паркі» АЭА-да сыртқы инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталуға жақын

Бүгінгі таңда «Тараз химиялық паркі» АЭА-да сыртқы инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталуда, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.
Жамбыл22 Қазан , 16:23

Атап өтсек, подъездік автожолдарға асфальт құйылып, көпірлік құрылыммен қамтылды. 2015 жылдың соңына дейін АЭА аймағында подъездік автожолдың құрылысын аяқтау жоспарланған.

Есетіңізге сала кетсек, «Тараз» химиялық паркі» АЭА инфрақұрылымына инвестицияларды алдын ала бағалау 24,5 млрд. теңгені құрайды. Мұнда 75 млрд. теңгенің өнімдері шығарылатын болады.

Бүгінде АЭА-да алғашқы нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде, теміржол тармағын салу мәселелері шешілген. «Тараз» химиялық паркі» АЭА 2015 жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.  2020 жылға қарай мұнда 16 өндіріс жұмыс істейді, 2,4 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына игілікті ықпал ететін болады.

Айта кетейік, «Тараз химиялық паркі АЭА» БК» АҚ 2012 жылғы қарашада Президент Жарлығына сәйкес құрылды.АЭА құру мақсаты — қимия өнімдерінің импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірісіне ивестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар жоба мақсатына химия өнеркәсібін дамыту және қолдау, атап айтқанда әлемнің жетекші компанияларын тарту жолымен қазіргі заманға сай, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану арқылы қосылған құны жоғары химия өнімдерінің өндірісі кіреді.

 




Яндекс.Метрика