Мәдениетті жаңғырту

Астанада ТМД мемлекеттері зиялы қауым өкілдерінің X форумы ашылды (ФОТО)

Астанада ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің X форумы басталды.Форумға ТМД елдерінен 200-ге жуық делегат жиналды.
Астана қаласы 22 Қазан, 11:39

Шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің форумы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Жиында ғылым, білім, мәдениет, ақпарат, туризм, спорт, жастармен жұмыс жасау аясындағы өзекті мәселелер талқыланып, біріккен іс-шаралар жоспары таразыланады. 

Биылғы X форумның тақырыбы – «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы». Форумға жиналғандар 2016 жылы ТМД-да жарияланған білім беру жылына бірлесіп дайындалу мәселелеріне ерекше көңіл бөлмек. 

Пленарлық отырыс пен секцияларда ғылым мен білім, өнер қайраткерлері «Мәдениеттер диалогы ТМД-ның гуманитарлы ынтымақтастығы дамуының факторы ретінде», «Гуманитарлы ынтымақтастықтың Еуразиялық коды», «Мәдениеттер диалогындағы музейлердің рөлі» атты өзара кәсіби әрекеттестіктің сан қырлы аспектілерін талқылайтын болады.

«Биыл Қазақстан Республикасы ТМД-ға төрағалық етуде. Еліміздің қонақжай астанасы екінші рет форум қатысушыларын қарсы алып отыр. Он жылда ТМД мемлекеттерінің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің форумын Мәскеу, Душанбе, Кишинев, Киев, Ашхабад, Минск және Астана қабылдады», - деді форумды ашқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Сондай-ақ, форумда «Дебюттер достастығы» премиясының жеңімпаздары марапатталады.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев

 





Яндекс.Метрика