Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жаңа қазақстандық тепловоздар локомотив бригадаларының жұмысы үшін қолайлы

ҚТЖ темір жол учаскілерінде қолданылатын 280-нен астам қазақстандық тепловоздар локомотив бригадалары еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін заманауй талаптарға сай келеді, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан22 Қазан , 15:52

Бір секциялы екі кабиналық локомотивтерде микроклимат пен жылу беру құрылғысы  қарастырылған. Жылытқыш, кондиционер,  тоңазытқыш, желдеткіш, ыңғайлы кресло орнатылған. Қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы жалпы шу деңгейі төмендетілген.

Машинистің  жұмыс жасауын ыңғайландыру үшін жоғары сапалы жылу қыздырғышы бар терезелер орнатылған. Оған күн сәулесінен қорғайтын перделер ілінген. Мұндай шаралар локомотив бригадаларының қауіпсіздігін жоғарылата түсті.

Локомотивті басқару компьютерленген. Борт компьютерінің көпфункциялы дисплейінің 200-ден астам параметрді бақылауға мүмкіндігі бар. Пульт дисплейінде ағымдағы мәліметтер, қозғалыс параметрі т.б ақпараттар көрсетіледі.

«Машина – керемет, барлығы қарастырылған. Локомотивте жанармай бағамы мен борт жүйесінің диагностикасын көрсетуші микропроцессор жүйесі орнатылған. Борт жүйесінің диагностикасы барлық келеңсіздіктерді хабарлап, компьютер жадына жазып отырады. Ол сондай-ақ, локомотив бөлшектерінің ауысқандығын хабарлайды»,- дейді Семей локомотив пайдалану депосының директоры Дәулет Ыдырысов. 

ТЭ33А сериялы тепловоздар 6000 тонна құрамды жүргізуге мүмкіндігі бар. 2ТЭ10Мсериялы тепловоздарға қарағанда өызмет көрсету жағынан өте ыңғайлы.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика