Парламент

Қазақстан ТМД-мен есірткі заттарының үлгілерімен зерттеу жүргізу үшін алмасады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.
Астана қаласы22 Қазан , 11:17

Келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің құзыретті органдары арасында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібін нақтылайды.

«Заң жобасының мақсаты --ондай заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес шеңберінде кейіннен олардың өндірілетін жері мен тәсілін, бір партияға тиесілілігін, оларды тасымалдаудың ықтимал тәсілдерін айқындау үшін зерттеу жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету. ТМД құзыретті органдары арасында заңсыз айналымнан алып қойылатын есірткілер мен олардың прекурсорларының жаңа үлгілерімен алмасу қарастырылады», - деді ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымов.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика