Парламент

Отандық тасымалдаушылар Ляньюньган порты арқылы жүк өткізе алады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды. Оны Парламент Мәжілісі мақұлдаған болатын.
Астана қаласы22 Қазан , 11:02

«Келісімнің мақсаты халықаралық автотасымалдау үшін қолайлы жағдай жасау, тараптардың халықаралық автотасымалдауларды жүзеге асыруға үлес қосуына атсалысу мен халықаралық автотасымалдауларда өзара үйлесімнің болуын қамтамасыз етуге бағытталған», - деді заң жобасын таныстырарда Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Келісім  келісілген халықаралық автотасымалдауларды реттейді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері арасында кеңейген автотасымалды қамтамасыз етеді.

 «Келісім Қазақстан тасымалдаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, қазір Қазақстанның үлесі отыз бес пайыз шамасында болса, біз жақын аралықта бұл үлесті елу пайызға жеткізуді көздейміз. Ал келісімнің тиімділігі тасымалдаушылар үшін жаңа бағыт ашылуына. Бұрын біздің қазақстандық тасымалдаушыларды Қытай билігі Үрімшіден ары қарай жібермейтін. Ал мына келісім біздің тасымалдаушыларды Қытайдың Ляньгянь портына дейін баруын қамтамасыз етеді», - деді Ә. Исекешев. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика