Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Отандық бағдаршам мен картридждер Қырғызстан мен Беларусь елдеріне экспортталады (ВИДЕОЛЕКЦИЯ 4-бөлім)

Қазақстандық картридждері мен бағдаршамдар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылды, Қырғызстан және Беларусь елдеріне экспортқа шықты, деді Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов.
Астана қаласы 22 Қазан, 17:09

«ҮИИДМБ бағдарламасы экспортты  дамыту бойынша бірқатар мақсатқа ие. «KAZNEX INVEST» экспортты жылжыту бойынша қазақстандық ұлттық операторға  айналған соң, біз  құрамында 770 жобасы бар Индустрияландыру картасына  ұсындық. 770 жобаны  пайдалануға  берудің нәтижесінде 75 мың жұмыс орны құрылып,  5 трлн теңгеге өндірілді. Бұл бірінші бесжылдық  сәтті орындалды», - деді А.Арынов.

Атқарушы директор айтып өткендей, индустрияландыру бағдарламасы аясында Қазақстанда бұрынсоңды болмаған салалық тармақ пайда болды.

«Мәселен, елде автокөлік ешқашан өндірілмеген. Қазір жеңіл және жүк автокөліктері сыртқы нарыққа экспортталуда. Сондай-ақ, Қазақстан темір жол саласында да аса қарышты дамымады, Индустрияландыру картасы нәтижесінде біз өзімізді тепловоз бен электровозбен қамтып қана қоймай, шетелдік нарыққа экспорттап отырмыз», - деді сарапшы.

Оған қоса, «ҮИИДМБ нәтижесінде осы жылы бағдаршамдар мен картриджер шығарыла бастады. Картридждер Алматыдағы «Пик Алатау» арнайы экономикалық ауданында өндіріледі, олар Беларуське экспортталады», - деді А.Арынов.

Алайда, өнімді тек ЕАЭО елдері ғана емес, Еуропаға да шығару жоспарланған.

«Біздің бағдаршамдар Бішкек қаласының қозғалысын реттейді. Жақын арада олар Беларусь пен Ресейге жеткізіледі», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 





Яндекс.Метрика