Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбеде балық шаруашылығы тоғандарына 237,6 мың шабақ жіберілді

Биыл Ақтөбе облысында орналасқан балық шаруашылығы тоғандарына 237,6 мың карп, ақ амур және дөңмаңдай тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Қазан , 16:54

Жұмыстың басым бөлігін облыстық аңшылар және балықшылар қоғамдастығы, «Кочубей И.С.» және «Қуанқанұлы М.» ЖК, «Энергия» жеке шаруашылығы, «Наурыз-СИМ», «Кандула» және «Тұлпар» ЖШС-лары атқарды. Олар Ілек, Темір, Қиыл, Хобда өзендеріне және Малайдар мен Сабандыкөл көлдеріне шабақ жіберді.

Бұдан бөлек табиғатқа залал келтірген шаруа қожалықтары да өтеу ретінде шабақ жіберу жұмысын атқарды. Олар: «Айс» ЖШС - 15 мың, «ТНК «Казхром» АҚ - 51 мың шабақты суға жіберді.

 




Яндекс.Метрика