Инфрақұрылымның дамуы

Павлодар облысында Беловодск топтық сутартқышын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Павлодар облысының әкімі Беловодск топтық сутартқышын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта басты су тоғанындағы нысандар құрылысы аяқталуға жақын, басты су таратқышта құдықтар мен камералар орнатылып жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар22 Қазан , 20:21

Негізгі құрылыс нысаны қоршалып қойды, бақылау-өткізу бекеті салынып жатыр. Нысанның құрылысына 52 жұмысшы, 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар,  үстіміздегі жылғы тамызда Ертіс ауылішілік сутартқыш пайдалануға берілген болатын.  Оның құны 1 759,7 млн. теңгені құрады. Ертіс ауылының 7457 тұрғыны толықтай орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған, ұзындығы 81 километрді құрайтын (бұрынғы желі 22,0 км) су өткізу желісі құрылды. Ол желіге бүгінде 1638 үй қосылып отыр.

Аймақ басшысы жұмыс сапары шеңберінде сондай-ақ Ертіс ауданының бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап шықты.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика