Инвестициялар

Павлодар облысында сыйымдылығы 65 мың тонна астықты құрайтын элеватор іске қосылды

Павлодар облысы әкімдігі мен ресейлік «КазЭкспо» жауапкершілігі шектеулі қоғамы инвестициялық компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында Ертіс ауданындағы он жыл бойы жұмыс істемей тұрған элеватор іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар22 Қазан , 16:38

Құйылған инвестиция сомасының жалпы көлемі 1,5 млн. долларды құрайды. Бір жарым ай ішінде элеватордың ғимараты толығымен жөнделді және техникалық құрал-жабдықтары қалпына келтірілді. Жоба бойынша элеватордың сыйымдылығы 65 мың тонна астықты құрайды, оның ішінде қоймалық орынжайларда 37,5. мың тонна астыққа орын бар. Сонымен қатар, астықтың сапасын анықтайтын жабдық сатып алынды.

Болашақта италиялық жабдықты сатып алып, майлы дақылдар өндейтін цех ашу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда элеваторда 45 жергілікті тұрғын еңбек етіп жатыр.




Яндекс.Метрика