Халықаралық интеграция

ҚР мен РФ әскери полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде бірыңғай әдіс әзірледі (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасында ҚР және РФ қорғаныс ведомствалары арасында екіжақты ынтымақтастық жоспары шеңберінде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери полициясы басшылығымен кезекті кездесу өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 22 Қазан, 12:03

Ресми кездесуде екі елдің әскери қызметшілері әскери полиция органдарының бірлескен қызметін ұйымдастыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

«Тәжірибе алмасу барысында өзара іс-қимыл мәселелері қаралды, халықаралық оқу-жаттығуларда ықтимал бірлескен іс-қимылдар кезіндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде бірыңғай көзқарасқа келді, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберінде өзге де тапсырмалар орындалды»,  - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының бастығы генерал-майор Тимур Дәндібаев.

Екі ел әскери полицейлерінің ынтымақтастығы ұдайы негізде өтіп тұратынын айта кетейік.  Алдыңғы кездесу шамамен бір жарым жыл бұрын өтті. Ресей Федерациясы әскери полициясының делегациясы РФ ҚМ ӘПББ бастығының орынбасары генерал-майор Виталий Коханың басшылық етуімен ресми кездесу оң тәжірибе қолдану үшін белгілі бір ақпарат алуға, сондай-ақ әрі қарай ынтымақтастық жасау перспективаларын талқыға салуға мүмкіндік берді деп атап өтті.

ҚР ҚК әскери полициясы әскери қызметшілер мен өзге де азаматтарды құқыққа қайшы қол сұғудан құқықтары мен еркіндіктерін қорғау жөніндегі тапсырмаларды тәулік бойы атқарады.  Әскери қызметшілер гарнизондарды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, қылмыстың алдын алады және анықтайды, құқық бұзушылықтың жолын кеседі, әскери көлік құралдарының жол қозғалысының қауіпсіздігін, оларды пайдалану ережелерінің сақталуын, әскери қызметшілердің  әскери полицияның гауптвахталарында ұсталуын қамтамасыз етеді. 
 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика