Өңірлер

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының ФКИ 175 млрд теңгені құрады

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы саласының ФКИ 175 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан Малғаждаров мәлімдеді.
Ақмола22 Қазан , 11:34

Өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің физикалық көлем индексі 175 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,4 % құраған, бұл республика бойынша бесінші орын.

«Өнеркәсіптік өндіріс көлемі - 220,3 млрд.теңге немесе 104,9%. Бұл сала бойынша біздің өңір республика бойынша 3-орында. Инвестицияның физикалық көлем индексі   – 109,9%,  бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс 7 орында. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша 5-орында.  Тұрғын-үй енгізу бойынша облыс 3-орында, көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда бірдей–144,5%» - деп хабарлады баяндамашы.

Өсімдік өсіру саласы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4 % артып, 118,5 млрд.теңгені құраған. Облыс бойынша 11,2 ц/га. орташа өнімділік жағдайында  4,6 млн. тонна астық жиналды. Барлық негізгі үй жануарлары санының көбеюіне байланысты және өндіріс көлемінің артуына байланысты мал шаруашылығы физикалық көлемінің индексі  108,3% құраған.

«Машина құрастыру саласы бойынша «ЕПК Степногорск» АҚ  6,9 мың. тонна подшипниктер шығарған, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ  426 жүк көлігін жинаған, ал Атбасар электровоз жөндеу зауытының филиалы «Қамқор-Локомотив» ЖШС 3 млрд. 643,4 млн. теңге соммасына электровоздардың жөндеу жұмыстарын жүргізген», - деді басқарма басшысы.

Азық-түлік өнімін өндіру өндірісінде, Б.Малғаждаровтың мәліметінше  өткен жылмен салыстырғанда ет және қосалқы өнімдер өндіру 42,6%, сары май өндірісі 19,1% артқан.

Химиялық өндірісте пестицидтерді өндіру көлемі  4% ұлғайған.




Яндекс.Метрика