Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда қыс мезігілінде көше мен тротуарларды тазалаумен 17 мердігерлік ұйым айналысады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қыс маусымында көшелерді тазартатын арнайы кәсіпорындардың дайындығын тексеріп көрді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы22 Қазан , 14:32

Әкімнің қатысуымен өткен көшпелі жиын барысында қар жинайтын техника көрсетіліп, аудан әкімдері өздеріне тиесілі аумақтардағы дайындық жөнінде есеп берді.

Б.Байбек көше тазалайтын техникалардың жұмыс кестесін нақты жасауды, қар жинау процесін барынша ұтымды ұйымдастыруды тапсырды.

«Біз ең алдымен негізгі күре жолдардың қардан тазартылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Қаланың орталығы ғана тазартылып, қалғандары ұмыт қалмасын, аудандар өз аумақтарын тазалауға міндетті. Қар уақыт саябырсыған кезде жүргені жөн»,   - деді Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге әкім қарды тазалау барысында мердігерлік ұйымдарға жеке жауапкершілік жүктелетінін айтты. Бауыржан Байбек қардың дер кезінде тазаланғанын білу үшін видеокамералар орнатылуы тиіс деді.

Ақпараттық хабарлама: Алматыда көшелердің ұзындығы 1620 км. Оның 65% «Алматы тазалык» МҚК тазалайды. Оның құрамында 860 арнайы техника бірлігі бар. Көше мен тротуарларды тазалаумен 17 мердігерлік ұйым айналысады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика