Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Ақмола облысында Астананың азық-түлік белдеуі шеңберінде 38,9 млрд теңгенің 14 жобасы іске асырылуда

Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында Ақмола облысында биылғы жылы 4,1 млрд теңге құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда, деп экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығы Бауыржан Малғаждаров аппарат отырысында мәлімдеді.
Ақмола22 Қазан , 10:46

Ол атап өткендей,  осы жылы 38,9 млрд теңге сомаға 14 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Пайдалануға берілетін жобалар арасында   «Ақмола бидай» ЖШС (Көкшетау)  - астық және майлы дақылдар өндірісі;  «Алтын Дән" АҚ (Есіл ауданы) - 24,6 мың тонна астық және майлы дақылдар өндірісін және  қабылдау, сақтау, тазалау  астық қоймасы, кептіру және жөнелту жұмыстарын жүзеге асырады; «Арна ГЭС» ЖШС (Макинск) - 10 тоннаға дейін кеңейтілген сыйымдылығы  бар астық қоймасы ; «Ринар» ЖШС (Атбасар қ) - 12 мың тоннаға  ЖЭС;   « Родина» ЖШС (Целиноград ауданы) 20 мың тоннаға дейінгі сүрлемдік қуаты бар;  «Пегас» ЖШС (Ақкөл ауданы) - 20 мың тонна қуаты бар, астық және майлы дақылдарды, сақтау, тазалау, кептіру және тиеуді жүзеге асырады.

Жылдың соңына дейін  34,9 млрд теңгеге тағы 8 жоба жүзеге асырылатын болады.

Айта кетерлігі, 15 қазаннан бастап елордаға 50 мың тонна сүт өнімдері жеткізілді, сондай-ақ 14 мың тонна ет және 142 млн дана жұмыртқа жеткізілді.




Яндекс.Метрика