Өңірлер

ШҚО-да су тасқынының салдарынан қираған көпірлер қайта қалпына келтіруде

Қатты су тасқыны орын алуы себебінен, аймақтағы республикалық маңызды жолдарда орналасқан 3 көпір зардап шеккен болатын. Қазіргі күні жағалау тіреуіштерін орнату, көпірлерді жүру бөлігімен түйіндестіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысандарды ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін қайта қалпына келтіру жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан22 Қазан , 10:29

«ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компаниясының облыстық филиалында мәлімдегендей, мердігер ұйымдар көпірлердегі барлық қираған жерлер мен автомагистральдегі өзгерістерді толықтай зерттеп, жолдарды жөндеуге кірісті. Аталмыш жұмыстарды қараша айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Жөндеу жұмыстарына қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

Осы ретте, Снегирево өзені арқылы өтетін көпірдің «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнарлары» жолының 149 шақырымына жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, «Өскемен - Семей» жолының 83 шақырымындағы Қарасу өзені арқылы өтетін, «Семей - Қайнар» жолының 181 шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірлерді қайта қалпына келтірілуде.

Мердігерлердің айтуы бойынша, автокөлік жүретін жолдардың барлық қираған көпірлеріне жағалау тіреуіштерін орнату, аралық бөренелерді жөндеу сияқты жұмыстар жүргізілуде.

 

 




Яндекс.Метрика