Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасты

Маңғыстау облысында 8000 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды, деді жұмыспен қамту және әлеуметтік даму басқармасының жетекшісі Гүлмира Қалмұратова.
Маңғыстау22 Қазан , 10:13

«Жыл басынан бері 7969 жұмыссыз жұмысқа орналасты. Тұрақты және жаңадан ашылған жұмыс орындарына мемлекеттік және салалық бағдарламалар  арқылы 2870 адам орналасты. 1224 маңғыстаулық әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталды. 1239 түлек жастар тәжірибесі аясында жұмысқа орналасты. Қоғамдық төлемді және мерзімді жұмыстарда 2636 адам жұмыс істеуде», - деді ол.

Оның айтуынша, 12-16 қазан аралығында тұрақты  жұмыс орнына 248 адам орналасты. Уақытша жұмыс орнымен – жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орны мен қоғамдық төленетін жұмыстар. Мемлекеттік  қаржыландыру  үшін 188 жұмыссыз бағытталды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика