Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Астанада мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюджеттік жоспарлау мәселесі талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп өткізетін «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюджеттік жоспарлау. Бюджеттік қызметтер құқын қалыптастыру тәсілдері» тақырыбындағы екікүндік семинар-тренинг басталды, деп хабарлады академия.
Астана қаласы22 Қазан , 09:42

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі бірінші бағытын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараға әлеуметтік блок министрліктерінің – ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрлері, аталған министрліктердің жауапты хатшылары, олардың комитеттері мен департаменттерінің басшылары қатысуда.   

Семинар барысында қатысушылар нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, оның мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі орны, стратегиялық жоспарлаумен үйлесімділігі мәселелерін қарастырады.

Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелеріне талдау жүргізілетін болады, сондай-ақ семинар қатысушылары бюджеттеудің қазіргі заманғы технологияларымен және бюджеттік қызметтер құнын қалыптастырудың жаңа тәсілдерімен танысатын болады.

Екі күн бойына тыңдаушылар алдында ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілдері, сондай-ақ Академияның профессорлары мен оқытушылары дәріс оқиды.   

Сабақтар практикаға бағдарланған және тренинг, пікірталас, талқылау, тәжірибе алмасу форматында өткізіледі, сонымен бірге қатысушылар ситуациялық тапсырмалар мен кейстерді қарастырады.    




Яндекс.Метрика