Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Астана бетон зауыты 100 шағын кәсіпорынға жұмыс берді (ВИДЕО)

«АБК-Мақсат» ЖШС өздеріне өнім жеткізетін Ақмола облысының 100 шағын кәсіпорнына жұмыс ұсынды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында зауыт директоры Ибрагим Арыстанбаев.
Астана қаласы 21 Қазан, 17:42

«Біз өзіміз жұмыс істеп жатырмыз, көптеген кәсіпорындарға жұмыс ұсынып отырмыз. Бізбен 30-35 компания жұмыс істейді – олар жеткізушілер. Жөндеу, көліктік, сауда ұйымдары біз бір мәрте немесе бірнеше рет аламыз. Миксеристерді айтатын болсақ, біз 100-130 миксер көлігін тартамыз. Бұл 130 отбасы жалақыға ие болады. Тұрақты түрде 40-50 көлік жұмыс істейді, олардың саны 130 көлікке жетеді. Демек, 100 шағын кәсіпорынға тұрақты жұмыс ұсынамыз», - деді И.Арыстанбаева.

Оның айтуынша, Ақмола облысының шағын кәсіпорны  зауытқа құм, ұсақтас, іргетас, металл, химиялық қосындылар жеткізеді.

«Ақмола облысының шағын кәсіпорындары бізге күн сайын өзінің өнімдерін жеткізеді. Күніне біз 100 мың тонна ұн жеткіземіз. 10-20 мың ұсақтас тұрақты жұмысты үзбеу үшін жеткізіледі. Осындай мақсатпен кәсіпорын тұрақты жұмысын жалғастырады», - деді ол.

Айта кетейік, Астана бетон зауыты Үдемелі индустриялды –инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Астана-жаңа қала» АЭА аймағында салынды.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика