Парламент

Қ.Тоқаев БҰҰ Резидент –үйлестірушісі С.Туллға тиімді жұмыс үшін алғыс айтты

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі, БҰҰ Резидент –үйлестірушісі Ствен Туллды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Қазан , 17:26

Қ.Тоқаев БҰҰ тұрақты төрағасын Қазақстандағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты. БҰҰ қолдауымен біздің ел мыңжылдық дамуының мақсаттарына жетті, Қазақстанда маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Оның ішінде «жасыл» энергетика саласы да бар. Қазақстанға  БҰҰ бас хатшысы мен әлемдік ұйым өкілдере бірнеше мәрте сапарлады. Сенат Спикері атап өткендей, Қазақстан БҰҰ мақсаттарымен байланысты.

С.Тулл БҰҰ бас ассамблеясының сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  БҰҰ реформаларының 30 жылдық болжамын жоғары бағалады. Оның пікірінше, Елбасының баяндамасы жаңа басталмаларды қамтығандықтан өте қызықты әрі тұшымды болды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика