Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«KAZNEX INVEST» 100 қазақстандық экспортшының 5 млн АҚШ доллары шығынын өтеді (ВИДЕОЛЕКЦИЯ 3 БӨЛІМ)

Қолдау жүзеге асқалы бері 100 қазақстандық өндірушіге 5 млн доллар есебінде шығынын өтеуге көмектесті, деді «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ атқарушы директоры Асқар Арынов Strategy2050.кz берген эксклюзивті сұхбатында.
Астана қаласы 21 Қазан, 16:51

Отандық өндірушілерді қолдау міндетін қойғанда халықаралық стандарттарға сай бола отырып, өндірушілер үшін тиімді қолдау көрсетудің құралдары әзірленді. Біз қолдауды екі блокка бөлдік. Біріншісі  - отандық өндірушілерді қаржылай қолдау, екінші – сервистік қолдау», - деді А.Арынов.

Қаржылық қолдау сыртқы нарықтарға өз өнімін шығарарда шығынды өтеуге негізделген.

«Мәселен, шетелде өнімді сертификациялау ұзақмерзімді болып есептеледі, отандық өндірушілердің барлығы халықаралық нарыққа шыққан емес. Шығын қалпына келтірудің бір жолы – өнімді сертификациялау. Сондай-ақ, қаржыландырудың тағы бір жол шетелде өнімге жарнама жасау. Демек, кез келген қазақстандық өндіруші қолдауға ие болып, шығынның 50 пайызын өндіріп ала алады, егер шетелде жарнама қажет болса осы әдіс қолданылады. Осы жылдары 100 қазақстандық өндіруші 5 млн доллар шығынын өтеді», - деді А.Арынов.

Жоғарыда айтылғандай-ақ отандық экспорттаушыларды қолдаудың  тағы бір құралы  қызмет көрсету  болып табылады. Сервистік қолдау маркетинг қызметтерін қамтиды. Халықаралық мамандандырылған көрмелерде қазақстандық компаниялардың қатысуын ұйымдастыру арқылы әлеуетті клиенттерді іздейді.

«Кез келген қазақстандық компания шетелдік көрмелерге қатыса алады,  біздің  қолдау арқылы компанияның  қатысуы үшін кеткен  барлық шығындарды өтейді. Біздің қолдаумен, 5 жыл ішінде 250-ден астам өндірушілер осы құралды пайдаланған. Көрмелердің географиясы  ТМД және ЕурАзЭҚ-пен ғана шектелмейді. Мысалы, биылғы жылы рентген аппаратураларды өндіретін компания Вьетнамға шықты, киім өндірушілер  Миландағы көрмеге   қатысты",  - деді басқарушы директоры.

Алайда, Асқар Арынов халықаралық нарыққа шығу үшін отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жоғарыда құралдарға  қосымша шетелде жыл сайын шамамен 10 сауда миссиясын өткізіліп тұратындығын айтты.

"Бұл жерде біз B2B келіссөздер жүргізгендіктен бұл  қолдау  тиімді  болып табылады. 5 жыл ішінде, 600-ден астам компания осындай миссияларға қатысып, 600-ден астам миллион АҚШ долларының  келісім-шарттары жасасты", - деді спикер.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика