Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматыда 2016 жылдың мамырына қарай ақылы автотұрақтар енгізілетін болады

Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің мүшелері мен қала прокуратурасы қазіргі автотұрақ жүйесін өзгерту туралы мәсееле көтерді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы21 Қазан , 19:58

Осыған орай, келер жылдың басына дейін автотұрақ инфрақұрылымының бірыңғай Концепциясы жасалып, оның құрамына тұрақ аймағы көрсетілген карта, стационарлы, аула ішіндегі автотұрақтар мен гараж кооперативтері енетін болады. Жеке инвесторларды тарта отырып, ақылы автотұрақтар құру жобасы қолға алынады. Ақылы автотұрақтар жүйесі 2016 жылдың мамыр айында жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Автотұрақтарға өзгеріс енгізуге тұрғындардың көптеген шағымдары себеп болды. Мысалы, қадағалаушы органдар өкілдері «Алматы спецтехпаркинг сервисті» тексерген кезде кәсіпорында барлық бағыттар бойынша көптеген былықтардың орын алғандығы анықталды.

Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесі төрағасының орынбасары Борис Джапаров:«Автотұрақтар мәселесі ойлантады, олар көлік қозғалысына кедергі келтіріп, көлік апатына себепкер болуда әрі ешқандай чек бермейді, жауапкершілікті мойындарына алмайды»-, деді.

Автокөлік тұрақтарының мәселесін дұрыс шешу, мегаполисте жол көлік қозғалысын жақсарту, мұндағы көлеңкелі қаржы көздерін анықтау үшін бірқатар нақтылы шаралар жүзеге асатын болады. Сонымен қатар, жалға берілген жерлердің мерзімі біткендіктен әрі бұл жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағандықтан қайтарып алынады. Жол белгілері қойылатын аймақтар кеңейтіліп, автокөлікті тасымалдаудың арнайы техникасының саны артатын болады.

Келер жылдың аяғына дейін 109 кезекшілік- диспетчерлік бірыңғай базада байланыс орталығы құрылып, оған қала тұрғындары заңсыз алынған ақша туралы хабарлай алады.

Жиын соңында әкімдіктің осы іске тікелей қатысы бар қызмет көрсету ұйымдарына қайтарып алынған жер учаскелеріне көп деңгейлі паркингтер салу мәселесін жете зерттеу тапсырылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика