Парламент

Қазақстанда әлеуметтік желілер қызметін реттеу қажеттілігі бар – депутат

Әлеуметтік желілер қызметін реттейтін заң жобасын дайындау қажеттілігі бар, деді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Мәжілістің жалпы отырысының аясындағы депутаттық сұрау салу кезінде.
Астана қаласы21 Қазан , 15:02

Жастар  әлеуметтік желілерде  жеке өмірі «жасаған ерлік оқиғалары» туралы жариялауға әуес.Адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қолсұғушылық,  басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты  әдепсіз істерді байқауға болады. Осыған дейінгі 5 жылдық мәліметке сүйенсек, адамға қастандық жасау, педофилия сынды қылмыстар саны 110-ды құрады, қазір олардың саны 8 есеге өсіп, 700 жағдайды құрап отыр. Осы сынды жағдайларды әлеуметтік желілерде жариялау қоғамның рухани құлдырағанын көрсетеді», - деді мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, осы жағдайлардан кейін әлеуметтік желілер қызметін реттеу қажеттілігі туындайды.

«Біздің әрқайсымыздың виртуалды әлемде іс-әрекеттеріміз үшін жауап беруге тиістіміз. Әрине, біз біздің жастар  дұрыс жолдан аспау үшін   жағдай жасауымыз қажет. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Ақжол» фракциясы әлеуметтік желілер қызметін реттейтін заң жобасын дайындау қажеттілігі бар деп есептейді. Ал біз, тиісті комиссия құруды  сұраймыз, - деді А. Тұртаев.

Депутат, егер 10 жыл бұрын әлеуметтік желілерді 4 пайыз халық қолданса, 2014 жылы 6-дан 74 жасқа дейінгі адамдар әлеуметтік желі қолданушысына айналды, 63,9 пайызға өсті.

«Елде интернет қолданушылары күн санап өсуде. Өкінішке қарай, адамдардың сана сезімін әлеуметтік желілерде улайтын топтар бар. Олар да қолданушыларды тартып, жастардың тәрбиесіне теріс әсер етуде», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика