Халықаралық интеграция

Қазатомөнеркәсіп пен америкалық ядролық-энергетикалық компания ынтымақтастықты көздейді

Америка Құрама Штаттарына сапары барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен «Centrus Energy Corp.» корпорациясының аға вице-президенті Кевин Олдред (Kevin Alldred) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Қазан , 18:59

Құжатта қос компанияның атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының негізгі шарттары белгіленген. Меморандум шеңберінде қазақстандық уранды әлемдік нарыққа шығарудың бәсекеге қабілетті жеткізіп берулері бойынша өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту көзделуде.

Америкалық «Centrus Energy Corp.» компаниясы АҚШ-тың өнеркәсіптік атом электр станцияларына негізгі отын жеткізіп беруші саналады.

АҚШ-қа сапары кезінде Асқар Жұмағалиев дүние жүзілік ірі ядролық-энергетикалық компаниялардың топ-менеджерлерімен - «Westinghouse Electric Company» президенті және бас атқарушы директоры Дэнни Родерикпен және «Cameco» президенті Тим Гитцелмен кездесуді жоспарлауда. Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы әріптестерімен саланың қазіргі ахуалын, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың барысын және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Кездесулер қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев бизнес-серіктестерін «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өтетін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырады.

Сондай-ақ, сапар аясында «Қазатомөнеркәсіп» басшысы ядролық-энергетикалық секторда жұмыс жүргізетін компаниялардың өкілдерімен де екі жақты іскерлік кездесулер өткізбек. Асқар Жұмағалиев салынып жатқан атом станциясын аралап, «Westinghouse» компаниясының отын құрамаларын шығаратын зауыты жұмысымен танысады.

 




Яндекс.Метрика