Парламент

Қазақстанда судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары қатаңдатылмақ

Судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары қатаңдатылмақ. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы мақұлданды.
Астана қаласы21 Қазан , 14:32

Заң жобасында судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нормалар көзделіп отыр. Атап айтқанда, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі қатаңдатылады, психологиялық тестілеудің рөлі күшейтіліп, кандидаттың білімін тәжірибеде қолдануға қабілеті тексерілетін болады. 

Сонымен қатар, Жоғары Соттың жанынан Сот әділдігі институтының жұмыс істеуі және Жоғары Соттың жанынан сот жюриінің жаңа құрылымын құру жоспарланған. 

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысында атап көрсетілгендей, заң жобасының нормаларын жақсартуға бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар нақтыланды. Аудандық, облыстық соттардың және Жоғары Сот судьялары лауазымына кандидаттар үшін судьялық жұмыста белгілі бір еңбек өтілінің міндетті түрде болуы белгіленіп отыр. 

Сондай-ақ, отставкаға негіз болатын судьялық жұмыс өтілі 25 жылдан 20 жылға төмендетілді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика