Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана-Алматы және Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздарда мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылады

«Астана-Алматы» және «Алматы-Петропавл» бағытында қатынайтын «Тұлпар-Тальго» пойызының 4 құрамында мультимедиялық ойын-сауық порталы іске қосылады, деп хабарлады ҚТЖ.
Астана қаласы21 Қазан , 18:29

Портал жолаушыларға алуан жанрдағы фильмдерден, әртүрлі ойындардан  тағы басқа да қызметтерден тұратын медиатекаға қосылуға мүмкіндік береді. Онда отандық және әлемдік кинофильмдер мен мультфильмдердің ауқымды топтамасы жинақталған және олар мүмкіндігінше жаңа өнімдермен жаңғыртылып отырады. Барлық медиаконтентті жоғары сапада тамашалауға болады

Сондай-ақ, жолаушылар портал арқылы пойыздардың жүру кестесімен танысып, қажетті қаладағы қонақүй немесе такси бағасын анықтап, түрлі жаңалықтарды оқып, сервис және қызмет көрсету сапасына қатысты өз пікірі мен ой-ұсыныстарын жазып қалдыра алады.

Мультимедиялық порталға қосылу «Гранд», «Бизнес» және «Турист» вагондарының барлық жолаушылары үшін тегін. «Гранд» пен «Бизнес» жолаушылары видеотеканы толық тегін көрсе,   «Турист»  вагонының жолаушылары тек фильмдерді ғана қалауынша қосымша ақы төлеп тамашалай алады. 

Осы жылдың аяғына дейін  бұл қызмет «Тұлпар-Тальго» барлық 12 бағыттарында енгізілмек.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика