Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада «БЖК - 2020» бағдарламасы аясында 84,5 млрд теңгенің 425 жобасы мақұлданды

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында Астана қаласында 67 жоба мақұлданды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы22 Қазан , 09:11

Банктік несиелер/лизингтік компаниялардың пайыздық үстемелерін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 11 919,5 млн. теңгені құрайтын 64 жоба мақұлданды.

Сондай-ақ, инфрақұрылымдық өнеркәсіпті дамыту бойынша 81,8 млн. теңге болатын 3 жоба қолдау тапты. Жаңа бизнес-жобаларды жүзеге асыру мақсатында 15 млн. теңге көлемінде 5 грант бөлінді.

Айта кету керек, Астанада «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 84 507,4 млн. теңгені құрайтын 480 жоба қолдау тапқан.

2010 жылдан ағымдағы жылдың қазан айына дейін  81 656,3  млн. теңге соманың 425 жобасы субсидияланды. Сондай-ақ, аталмыш бағдарламаға несие сомасы 3 676,4 млн. теңгені құрайтын 80 жоба қатысты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылым үшін жалпы сомасы 2 791,23 млн. теңге болатын 35 жоба қатысуда. Инфрақұрылымдық жобалар электр энергиясын, жолдарды жөндеу, сумен жабдықтау, жобалау-сметалық, мемлекеттік сараптама және басқа салаларды қамтиды.

Гранттық қаржыландыру аясында 20 жобаға 59,9 млн. теңгеге несие бөлінді.

 

 

 




Яндекс.Метрика