Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан әуежайларында 2017 жылға қарай қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізіледі

Қазақстан әуежайларында 2017 жылға қарай қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.
Астана қаласы21 Қазан , 13:42

«Халықаралық азаматтық авиация  ұйымына мүше барлық елдері өздерінің аумағына келуге ниет танытқан адамдар туралы кез келген қажетті ақпаратты алу құқығына ие. Жолаушылар тасымалы көлемін дамыту мен арттырудағы негізгі жетістік , жолаушылар туралы алдын ала тексеру жүйесінің тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысты, яғни жолаушылар туралы мәліметтерді алдын ала жинау мен ұсыну  қажет», - деді Б.Сейдахмет.

Комитет басшысының айтуынша, бұл ЭКСпО-2017 мен Универсиада-2017-ге таман ұйымдастырылып отырған әлемдік тәжірибе. Елдің әуежайлары бұл шараларға дайын болуы керек.

«Сондықтан да біз 2016 жылға қарай аталмыш бағдарламаны әзірлей бастаймыз.Қазіргі кезде жүйе көмегімен жолаушылар туралы соңғы мәліметтерді құру және ішкі және халықаралық бағыттарға сатып алынатын , сондай-ақ брондалатын барша әуе билеттері мәліметтер базасында жолаушыларды тіркеуді жазуды қарастырудамыз. Жүйені енгізу тиісті алгоритм жолымен, тәуекелдерді автоматты талдау арқылы жолаушылар ағымы арасынан күдікті әрекеттерімен көзге түскендері анықтауға мүмкіндік береді»,-деді ол.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеңiлдету бойынша IATA конференциясы өтуде. Шараның мақсаты – қазақстандық әуежайлардың ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-ге қонақтарды қарсы алу шараларына дайындықтың мәселелерін пысықтау.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика