Парламент

Мәжіліс Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады

Жоғары Сот кеңесінің құрамы кеңейтіліп, дербес мекеме болып қайта құрылмақ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» заң жобасын мақұлдады.
Астана қаласы21 Қазан , 13:31

Заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында әзірленді. Сот жүйесінде кадр жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға, Жоғары Сот кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған өзгертулер көзделіп отыр. 

Заң жобасы сот жүйесінде кадр жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін арттыруға, Жоғары Сот кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталады. Судьялар мен отставкадағы судьяларды, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, беделді ғалым-заңгерлер мен шетелдік сарапшыларды енгізу есебінен Жоғары Сот кеңесінің құрамы кеңейтіледі.

Сонымен қатар, Жоғары Сот кеңесін дербес мекеме етіп қайта құру және оның кадрлық өкілеттіктерін кеңейту жолымен кеңестің құқықтық мәртебесі өзгертілмек.

«Заң жобасы аясында Жоғары Сот кеңесін дербес мекеме етіп қайта құру және оның кадрлық өкілеттіктерін кеңейту жолымен кеңестің құқықтық мәртебесі өзгерту көзделеді. Осыған байланысты, Жоғарғы Сот кеңесінің жеке аппаратын құру қарастырылады, бұл құрылымның дербестігін күшейте түседі деген сөз. Құжатта қамтылған жағымды жаңалықтардың бірі  Жоғарғы Сот кеңесінің құрамы заң негізінде бекітіледі», - деді ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ақылтай Қасымов.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау сот билігі корпусын қалыптастыру мәселесін түбегейлі өзгертуге септігін тигізіп, судьяларға қойылатын талаптарды қатаңдата түсуге жол ашады. Бұл ретте заң жобасында Жоғары Сот кеңесі соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Президенттің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын тұрақты әрекет ететін тәуелсіз орган болып табылады деп белгіленген.

«Заң жобасы құқықтық мемлекеттің заңдылық, демократиялық, билікті бөлісу және басқа да принцптеріне зиянын тигізбейді. Біздің ойымызша, бұл нормалар сот жүйесінде кадрлық жұмысты жетілдіруге, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін арттыруға ықпал етеді», - деді ол. 

Индира Кауметова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика