«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Астана әуежайының жолаушыларды өткiзу мүмкiндiгi жылына 7 млн адамға дейін ұлғаяды

Астана әуежайының жолаушыларды өткiзу мүмкiндiгi жылына 7 млн адамға дейін ұлғаяды.Бұл жөнiнде бүгiн Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеңiлдету бойынша IATA конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы Бекен Сейдахметов мәлiмдедi.
Астана қаласы21 Қазан , 12:48

«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» атты жолдауы аясында Астана қаласының терминалын қалпына келтiру жүргiзiлiп жатыр.

«Қазiргi жолаушылар терминалын кеңейту және жолаушыларды өткiзу мүмкiндiгiн сағатына 750 жолаушыдан 1750 жолаушыға дейiн немесе жылына 7 млн жолаушыға жеткiзу – жобаның мақсаты. Жоба бойынша терминал аумағын 40 мың шаршы метрге дейiн кеңейту және қосымша 3 телетрап орнату қарастырылған», - дейдi Комитет төрағасы.

2015 жылы осы жобаны жүзеге асыру бойынша басталған осы жұмыстар қазiргi таңда толық көлемде орындалып жатыр және 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған

Анар Тәңірқұлова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика