Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қызылорда әуежайында жаңа жолаушылар терминалын орнату жоспарлануда – ИДМ

Қызылорда әуежайында жаңа жолаушылар терминалын орнату жоспарлануда.Бұл жөнiнде бүгiн Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеңiлдету бойынша IATA конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы Бекен Сейдахметов мәлiмдедi.
Астана қаласы21 Қазан , 12:43

«Елмiздегi 18 әуежайдың 9-ында жолаушылар терминалына қалпына келтiру жұмыстары қажет етiлген. Келесi жылдың соңына дейiн Тараз қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын қалпына келтiру жұмыстары аяқталады», - сказал Б. Сейдахметов.

«Сондай-ақ, Қызылорда қаласының әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылысын қаржыландыру қарастырылып жатыр. Аталған жобалар жолаушылар терминалын қалпына келтiруге инвестициялар тартудың жалпы саясаты ретiнде мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiк механизмi арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық тәжiрибе коммерциялық ұйымдар аэробекеттердi әлдеқайда тиiмдi пайдаланатынын көрсетедi», - деді ол.

Себебi, бұл ең алдымен жолаушыларға қызмет көрсету және авциациялық түрге жатпайтын басқа қызметтердi ұсынуға қатысты», - деген ол әуежайларға қойылатын талаптарды жетiлдру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасы бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика