Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында 213 нысан сатылды

2015 жылдың 19 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 388 нысан шығарылды, оның ішінде 213 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 11, коммуналдық меншік бойынша - 96, ӘКК - 59, холдингтер бойынша – 47, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан21 Қазан , 15:49

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 436 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 923 млн. теңге.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша  240 нысанның  сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қазандағы кезеңінде 210 нысан  жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 19 қазандағы жағдайы бойынша 197 нысан  шығарылды, соның ішінде 96 нысан  сатылды.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика