Өңірлер

Павлодар облысының табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға арналған қоры 180,5 млн теңгені құрайды

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия шеңберінде қысқы мерзімде облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайдан қорғауға дайындалу және шараларды ұйымдастыру мәселесі қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар21 Қазан , 19:43

Облыс халқын 2015-2016 жылғы қысқы мерзімге уақтылы дайындау мақсатында ТЖ жөніндегі департамент қараша айында айлық өткізу, интербелсенді сабақтар, радио және теледидар арқылы ақпар беру, жиындар мен рейдтер өткізу, дәрістік материалдар оқу, жаднамалар тарату сынды бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Жасақта 2015-2016 жылғы қысқы мерзімге 1 162 ескерту және тыйым салу белгілері әзірленді, олар Ертіс өзені бойына мұзқатқыдан соң орнатылатын болады.

Күртік қарда және күрделі метеожағдайда зардап шеккендерге жедел көмек көрсету мақсатында облыс аумағында сыйымдылығы 50 адам болатын 162 жылыту бекеті құрылды.

Үстіміздегі жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға арналған қоры 180,5 млн. теңгені және тығыз шығындарға арналған қор 121,0 млн. теңгені құрайды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж. Тұяқов қысқы мерзімдегі  халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, үздіксіз жылу, су  және электр энергиясын беру нысандарын тұрақты жұмыс істеуге дайындығы, сондай-ақ облыс нысандарында жиылған отын қоры жөнінде ақпар берді.

Электр стансаларында негізгі жабдықтың 21 бірлігі (70%) пайдалануға берілді, бұл жабдық жылыту маусымына енуге жеткілікті, деп атап өтті баяндамашы.

«Павлодарэнерго» АҚ құжаттары Мемлекеттік  энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жолданды, төлқұжат ағымдағы жылғы 1 қарашада алынады деп күтілуде.  

365 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылып, жылу жүктемесін көтеруде.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика