Парламент

Мәжіліс ҚР мен ХҚДБ арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды.
Астана қаласы21 Қазан , 12:01

Халықаралық  қайта құру және даму банкінің келісіміне  сәйкес, ол Қазақстан Республикасының 40 млн АҚШ доллар несиені  шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жобаларды қаржыландыруға бағыттады.

Жобаның құны 11,4 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде сыртқы қарызды бірлесе қаржыландыру есебінен республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге (6 млн. АҚШ доллары), сыртқы қарыз есебінен 40 млн. АҚШ доллары бойынша есептеліп, жүзеге асыру мерзімі 2019 жылды қоса есептегенде 5 жылға белгіленіп отыр.

«Үкімет пен Дүниежүзілік қаржы ұйымдары арасындағы серіктестік туралы Шекті Келісімшартты жүзеге асыру шеңберінде Дүниежүзілік банкпен «Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату» бағдарламасының жобасы әзірленуде. Жобаның құны 11,4 млрд.теңгені (46 млн. АҚШ доллары) құрайды, оның ішінде сыртқы қарызды бірлесе қаржыландыру есебінен республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге (6 млн. АҚШ доллары), сыртқы қарыз есебінен 9,9 млрд. теңге (40 млн. АҚШ доллары) бойынша есептеліп, жүзеге асыру мерзімі 2019 жылды қоса есептегенде 5 жылға белгіленіп отыр», - дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  әлеуетін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Осыған байланысты, бағдарлама шеңберінде төрт бағыт айқындалған. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін дамыту.

Бұл ретте шағын және орта бизнеске ұсынылатын мемлекеттік қолданыстағы қаржылық емес қолдауды, олардың мазмұнының сапасын және ұсынылу тетігін жақсарту, озық халықаралық тәжірибені енгізу және хабардарлықты жоғарылату арқылы жақсарту мен кеңейту жоспарлануда. Институционалды әлеуетті жоғарылату, жоспарлау және қаржылық емес қолдауды ұсынуды басқару жүйелерін дамыту стратегиясы әзірленетін болады. Екіншіден, бәсекеге қабілетті секторлардағы шағын және орта кәсіпорындар арасындағы өзара байланыс орнатылады.

Осыған орай, шағын бизнестің ірі жергілікті және Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын халықаралық корпорациялармен нарықтық байланыстарын кеңейту жататын, жеткізушілерді дамыту қызметін құру жоспарлануда.

«Бұл жергілікті мазмұн бойынша көрсеткіштерін жоғарылатуға ұмтылатын трансұлттық корпорациялардың, қазақстандық кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер сатып алуларында қазақстандық шағын бизнестің мүмкіндіктерін жоғарылатады. Осы мақсатта Қазақстанның 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кластерлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін институционалдық әлует кеңейтілетін болады», - деді министр.

«Қазіргі уақытта жоба бойынша қарыз туралы Келісімнің күшіне енуінің ерекше шарттары болып табылатын, министрлікпен шараларды жүзеге асыру кестесі қабылданды және жобаны жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыру басталды», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

 Жобаның жүзеге асырылуы Дүниежүзілік банк арқылы ұсынылатын 200 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік желі шеңберінде кредиттелетін шағын бизнес субьектілерінің өкілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика