Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана әуежайы дамыған инфрақұрылымы мен логистикасы жағынан жолаушыларға ыңғайлы

Астана әуежайы дамыған инфрақұрылымы мен логистикасы жағынан жолаушыларға ыңғайлы.Бұл жөнiнде бүгiн Астанада Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетудi жеңiлдету бойынша IATA конференциясында Алматы қаласы Туризмдi басқару бөлiмi басшысының мiндетiн атқарушы Тимур Дүйсенғалиев мәлiмдедi.
Астана қаласы21 Қазан , 11:46

«Алматы әуежайы ғимаратының басты проблемасы – оның аумағы шағын, Қазақстанның басты хабына сәйкес емес. Бұл жағдайды өзгерту қажет. Мәселе әкiмдiк пен әуежай басшылығының алдына қойылды. Жақын уақытта қандай да бiр өзгерiстер орын алуы керек. Әуежайдың сыйымдылық кеңiстiгiн ұлғайту қажет. Мысалға халықаралық ұшулар залын алайық. Өте тар. Екi рейс азаматтары отырса, дем алатын ауа болмай қалады. Сондықтан, көлемiн ұлғайту керек. Жүк сақтауға арналған үлкен камералар ашып, мобильдiк топтар, мүгедектерге арналған ыңғайлы орындар мен жабдықтар орнату да негізгі мәселе болып отыр. Әрине, қала мен әуежай арасындағы қашықтықты жылдам игеруге ықпал ететiн инфрақұрылымды да реттеу қажет», - дедi ол. 

Т.Дүйсенғалиев Алматы әуежайындағы бағаны реттеу мәселесі оңайға соқпайтынын айтты. Қоғамдық тамақтану орындарының бiрнеше иесi бар болғандықтан, әуежай басшылығы ондағы бағаларға ықпал ете алмайды екен. Әйткенмен, бұл азаматтардан таяу уақытта бағаларды арзандату талап етілген, олай болмаған жағдайда әуежайда жолаушылар үшiн су, жеңiл тамақ, ыстық сусынды қолжетiмдi бағамен ұсынатын вендингтiк аппараттар орнатылмақ. 

«Астанада жолаушыларды қалаға жеткiзу логистикасы әлдеқайда ыңғайлы, такси қызметi, рейстiк және экспресс автобустар жақсы ұйымдастырылған. Олар қолжетiмдi бағада азаматтарды әуежайдан қала орталығына, бекетке дейiн аз уақытта жеткiзе алады», - деп түйіндеді Т.Дүйсенғалиев.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика