Ұлттың денсаулығы

Ақмолалық спортшы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды

Ақмолалық спортшы Максим Унрау қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола 21 Қазан, 20:28

Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде өткен додаға елімізді қоса алғанда Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина тәрізді 8 елден келген 550-ден астам спортшы қатысты. 

NOMAD MMA аралас қоян-қолтық ұрыс қазақстандық нұсқасы бойынша өтті.  Тартысты өткен жарыста Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Одан кейін Ресей және Өзбекстан құрамалары жайғасты. Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық Максим Унрау 71 келіге дейінгі салмақ бойынша сынға түсіп,  қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.  Ақтық ұрыста өзбек спортшысы жарақатына байланысты жерлесімізбен айқасудан бас тартты. 

Еске сала кетсек,  Максим Унрау Ақмола облысы Жарқайың ауданының тумасы қазақ күресі бойынша бірнеше дүркін аудан чемпионы болған.  Кейін Қостанай қаласында әскери самбомен айналысқан. ҚР Қарулы күштерінің қатарында халықаралық жарыстарға қатысып, топ жарған. Жаттықтырушысы Владимир Русов. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика