Өңірлер

T.Дүйсенғалиев: Қазақстандық әуежайлар халықаралық стандарттарға сай

Астанада ИАТА жолаушыларға қызмет көрсету бойынша конференция өтуде. Бұл конференцияның мақсаты қазақстандық әуежайларда ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017-ге қонақтар қабылдау, сондай-ақ, жолаушылар үшін әуежай қызметтерінің соңғы халықаралық стандарттар бойынша қызмет көрсетуін талқылау болып табылады.
Астана қаласы21 Қазан , 11:23

«Негізінен, қазақстандық  әуежайлар халықаралық стандарттарға сай - олар негізгі қызметін орындап отыр. Бірақ, «бәсекелестіктің  күшею фактіні ескере отырып,  біздің транзиттік орталық ретінде хабты  өзіміз орналастыру қажеттілігін алсақ, біз оны рәсімдеу үшін біраз уақыт жоғалтамыз.», -  деді  конференция барысында Алматы туризм басқармасы  жетекшісінің міндетін атқарушы Тимур Дүйсенғалиев.

Оның айтуынша, бұл рәсімдердің кейбір өту кезеңдерін оңтайландыру қажет.

«Оңайлату мәселесі мынаған тіреледі, мысалы, халықаралық стандарттар бар, ол - жолаушылар  ұшақтан шығу үшін қанша уақыт кетіреді, жүкті алу немесе беру, тіркелуге қанша уақыт жұмсайтындығын есептеу. Біз, өкінішке қарай, дамыған елдерде бұл шараларға кеткен уақыт әр түрлі болып табылады. Бұл орайда объективті себептер  ішкі логистика бар. Ғимарат үлкен деп кетпейді. Тек белгілі  бір рәсімдерді өту кезеңдерін оңтайландыру қажет», - деп қорытындылады ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика