Шағын және орта бизнесті дамыту

Қостанай облысындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2012 жылы 32,3 млрд теңгеге кредит берілген

Қостанай облысындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2012 жылы 32,3 млрд теңгеге кредит берілген. Бұл туралы strategy2050.kz сайтына Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов хабарлады.
Қостанай15 Желтоксан , 00:00

«Қостанай облысында шағын және орта кәсіпкерліктің 38 субъектісі жұмыс жасайды. Онда жұмыс істейтіндердің саны соңғы уақытта 2,5%-ға артып, 138 мың адамды құрады. Бұл экономикалықбелсенді халық санының 25%-ы және өткен жылдан 0,5%-ға көп»,– деді ол. 

Оның айтуынша, осы кәсіпорындардың тауар өндірісі, жұмысы мен көрсеткен қызметтері 317 млрд теңгеге жеткен және жыл қорытындысы бойынша 346 млрд теңге немесе ІЖӨ көлемінен 32%-ды құрайды деген болжам бар. 

«Жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 32,3 млрд теңгеге кредит берілген. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 7,5%-ға артық. Орташаландырылған кредиттік мөлшерлеме 12,8%-ды құрады», – деп қорытты ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика