Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Qazaq Air» компания акциялары сатылатындығын растады

«Qazaq Air» компаниясы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Трехерн Поллока, компанияның акцияларын сату туралы ақпарат құралдары таратқан ақпаратты ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында растады.
Астана қаласы21 Қазан , 11:09

«Самұрық-Қазына» акцияларының 100-пайыз иесі болып табылады. Біз болашақта әуе компаниясын сатып алатын   компаниялар тізімін жарияланғанды қалаймыз. Компанияның аз  ғана үлесі сатылатындығы   күтілуде. «Бұл  біздің бизнеске жеке капиталды тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын, сондай-ақ,  компанияның басқару және қаржыландыру саласына жеке секторды тартуға мүмкіндік береді»,  - деді  Блэр  Трехерн Поллок.

Алайда, ол сатылымның жүзеге асу уақытын нақты айта  алмады.  Сондай-ақ әлеуетті сатып алушы мен  мәміле сомасын да атамады.

Оның айтуынша,  сатып алушылар  халықаралық және жергілікті компаниялар мен жеке тұлғалар болуы мүмкін.

«Бұл жеке тұлғалар болуы мүмкін, біз халықаралық  серіктестерге де  қуанышты боламыз. Қазіргі уақытта, біз аймақтық бағыт бойынша жұмыс атқарудамыз.   Біз қазақстандық компаниялар ен жеке тұлғаларға да  қуанышты боламыз», - деді   Блэр Трехерн Поллок.

 




Яндекс.Метрика