Инфрақұрылымның дамуы

Биыл Көкшетаудағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан 27 лифті жөнделмек

Биыл Көкшетауда 151 миллион теңгеге көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан 27 лифті жөнделмек, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ақмола21 Қазан , 12:29

Оның 11-і ағымдағы жылдың қазан айының соңында пайдалануға беріледі.

Айта кетейік,  Ақмола облысында лифті шаруашылығын қалпына келтіру жергілікті бағдарлама қолға алынған. Осы бағдарлама арқылы Көкшетау қаласының өзінде жыл соңына дейін көпқабатты тұрғын үйлердегі 27 лифтіні жөндеу көзделген.

Осы орайда, облыс әкімі Сергей Кулагин Абылай хан даңғылындағы 9-шы тұрғын үйде болып,  жөнделген лифтіні тексеріп көрді. Өңір басшысы аталған үйдің тұрғындарымен кездесіп, қала басшылығына атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ,  тұрғындарға лифтіні күтіп ұстау қажеттігін атап өтті. Келер жылы бағдарлама жалғасын тауып,  қосымша тағы 30 лифтіні қалпына келтіру қарастырылған. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика