Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Qazaq Air Талдықорған-Астана, Талдықорған-Алматы бағытында жаңа бағыт ашады

«Qazaq Air» өңірлік компаниясы Талдықорған-Астана, Талдықорған-Алматы бағытында жаңа бағыт ашады, деді ОКҚ-дағы брифингте «Qazaq Air» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Трехерн Поллок.
Астана қаласы21 Қазан , 10:39

«Қарашаның басында Алматыдан Талдықорғанға, Астанадан Талдықорғанға бағытталған әуерейстерін ашамыз. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық», - деді ол.

Компанияның коммерциялық директоры Адель Дәулетбекованың айтуынша, «Qazaq Air» АҚ аудитпен бірігіп Талдықорған әуежайын көрді.

«Ұшу-қону жолағының қайта жөнделуі жүзеге асырылды. Жаңа арнайы техника сатылып алынды. Әуенавигациялық қондырғы жаңғыртылды. Бізді өңірлік әуежайларда болып жатқан мұндай жаңартулар қуантады. Талдықорған әуежайы заманауи әуе кемелерін қабылдауға толық дайын екенін атап өткен жөн», - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі таңда компания Алматы-Астана, Алматы-Павлодар, Алматы-Шымкент, Алматы-Қостанай, Шымкент-Павлодар, Шымкент-Ақтөбе, Ақтөбе – Қостанай, Ақтөбе-Атырау бағытындағы тасымалды жүзеге асырады.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика