Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жаңақорғанда Әбдіғаппар- Төлегатай-Хорасан ата жолы пайдалануға берілді

Жаңақорғанда қайта жаңғыртудан өткен «Әбдіғаппар- Төлегатай-Хорасан ата» автомобиль жолы салтанатты түрде қайта пайдалануға берілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда21 Қазан , 17:09

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі, жерлесіміз Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев қатысып, көпшілікті құттықтады.

Ал 92 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері М.Сапарбаев «Әбдіғаппар-Төлегатай-Хорасан ата» автомобиль жолын қайта жаңғыртып осынау келешекке ғибрат болар істі бастап, аяғына дейін жеткізгені үшін облыс басшысына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. 

Мұнан кейін келген қонақтарға танымал режиссер, жерлесіміз Қалила Омаровтың жетекшілік етуімен түсірілген «Туған жерге тағзым» атты деректі фильмнен үзінді көрсетіліп, кейін «Хорасан ата» кешенінде кезекті рет ағаш отырғызу рәсімі өтті.

Айта кетейік, халық әулие бабаларға тағзым жасау үшін жолдың машақатын сезінбеу керектігі әуелден ескерілген. Сол себептен Жаңақорған ауданында 15 шақырымдық жол салу қолға алынған болатын. Оны облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өзі бас болып шешіп беріп, облыс бюджетінен 99,4 млн қаржы бөлінген.

 




Яндекс.Метрика