Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

АРАЗ шетелдік нарықтарға теміржол рельстерін жеткізу туралы келісімге келді

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (бұдан әрі - АРАЗ) Әзірбайжан, Беларусия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға теміржол рельстерін жеткізу туралы алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлады Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе21 Қазан , 16:18

Зауыт басшылары «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузин темір жолдары» АҚ, «Беларус темір жолы» МҰ, «Узбекистон темир йуллари» МАТЖК, «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы» МК және «Рохи охани Точикистон» МҰ-мен тиісті ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды.  

Осы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің басшылары бүгін Ақтөбе қаласында өткен зауыттың илемдеу орнағының технологиялық үрдісінің тұсаукесері барысында қажетті өнімдерді өндіру бойынша АРАЗ мүмкіндіктерімен танысып өтті.

Сонымен қатар, іс-шараның қатысушылары «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) дамытып шығарған Қазақстандық экспортты қолдау бағдарламасының шеңберіндегі қаржыландыру шарттарымен танысты.      

«Бағдарлама қосылған құны жоғары қазақстандық тауарлар экспортын, сонымен қатар техникалық, құрылыстық және көліктік сипаты бар қызметтер қатарын ынталандыруға бағытталған. Қазақстандық тауарларды немесе қызметтерді сатып алуды қалайтын шетелдік компания белгілі сенімділік өлшемдеріне сәйкес келген жағдайда, сол мақсаттарға тікелей ҚДБ-дан немесе шетелдік серіктес-банктен қаржыландыру ала алады. ҚДБ АРАЗ құрылысын қаржыландыруға қатысқан болатын, ал енді біз зауыттың өнімдерін шетелдік тұтынушыларға жеткізуді кеңейту үшін қаржылық колдау көрсетуге дайынбыз», - деп айқындады ҚДБ Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев.   

Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағындағы бірінші және бүгінгі күні жалғыз ұзын өлшемді (120 м) темір жол рельстерін өндіру зауытын өндірістік пайдалануға тапсыру 2016 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр. АРАЗ «Қазақстан темiр жолымен» ҚДБ-ның қаржылық қатысуымен құрылды. Жобаның құны $411,9 млн құрайды, қажетті қаржыландырудың 70%-ын ҚДБ ұсынған.

Келісім-шарттар бекітілген Қазақстанның ішкі нарығында АРАЗ өнімдерін сатып алушылардың қатарында: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Компания Стальной Двор» ЖШС, «SAUDA Temir» ЖШС, «Индустриялық компания» ЖШС, «Шариф Металл» ЖШС және басқалары.

2016 жылы АРАЗ 118 000 тонна сорттық илемдеу, оның ішінде 84 000 тонна термиялық нығайтылған рельстерді, 34 000 – сорттық өнім шығаруды жоспарлайды.

«Жаңа рельс-арқалық зауытында бірегей ұзын өлшемді рельстерді шығару теміржол машина жасау саласында қайта балқытудың мүлдем жаңа деңгейін құру мүмкіндігін тудырады. Бұл тек Қазақстандағы емес, ал бүкіл Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағындағы осы бағыттағы бірінші жаңартпашыл өндіріс. Мемлекеттің, «Бәйтерек» Холдингінің қаржылық қолдауымен 15 жыл мерзіміне берілген ұзақ мерзімді қаржыландыру жоғары технологиялық зауыттың «нөлден» басталған құрылысының барлық кезеңдерін сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру мүмкіндігін берді», - деп белгіледі АРАЗ бас директоры Андрей Кузьмин.
 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика