Өңірлер

Астанадағы жәрмеңкеге ақмолалық аграрилер 1 млн тонна өнім әкеледі

Астанадағы жәрмеңкеге ақмолалық аграрилер 404,3 млн теңгенің 968,5 тонна өнімін жеткізеді, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола21 Қазан , 20:43

Ақмола облысының ауыл шаруашылығын өндірушілер өнімнің 70 түрін жеткізеді, оның ішінде, ет пен ет өнімдері, шұжық, балық, жұмыртқа, сүт, ұн, картоп, көкөніс, өсімдік майы бар.

«Жалпы, 404,3 млн теңгенің 968,5 тонна өнімін сату жоспарланған», - делінген хабарламада.

Сол күні Астана тұрғындары үшін жәрмеңке аясында байқаулар мен шоулар, «Бауырсақ шоу» ұйымдастырылады.

 




Яндекс.Метрика