Өңірлер

Көкшетауда ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көпқабатты үй жөнделуден өттi

Көкшетауда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметін жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көпқабатты үй жөнделуден өттi.
Ақмола21 Қазан , 10:08

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру аясында, 2011 жылдан 2015 жылға дейiн облыс орталығында 66 үй 1,3 млрд. теңгенiң жөнделуiнен өткен

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың мәлiметi бойынша, өткен жылы Көкшетау қаласында 397 млн. теңгеге 19 үйдiң жөндеуi жүргiзiлген.

Ағымдағы жылы ТКШ модернизациялау бағдарламасы бойынша облыс орталығында 106 млн. теңгеге 4 үй жөнделсе, қайтарылған қаражатқа тағы 2 үй 27 млн. теңгенiң жөндеуiнен өткен. Бұл үйлер Куйбышев 48 және Қанай би 40 мекен жайында орналасқан үйлер.

 




Яндекс.Метрика