Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық өнім ТМД елдерінде кеңінен тараған - KAZNEX INVEST (ВИДЕОЛЕКЦИЯ 2 БӨЛІМ)

Қазақстанда өндірілетін өнім ТМД елдерінде атақтылыққа ие, деді «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ атқарушы директоры Асқар Арынов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 21 Қазан, 09:53

«Әрбір ел өзінің ұлттық қызығушылықтарын қамдап, отандық өндірушілерді қолдайды. Қазақстандық өндірушілерді сыртқы нарыққа шығарар кезде кез келген ел өзінің нарығын тарифтік жолмен жабатынын көрдік. Біз Қазақстанның өнімі өзге елдің сөрелеріне шығу үшін барлық күшті салып жатырмыз. Қазір біз Қазақстанда өндірілетін өнім ТМД елдерінде атақтылыққа ие деп айта аламыз», - деді А.Арынов.

Ол атап өткендей,шетелдік нарықта азық-түлік, фармацевтикалық өнім мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері танымалдылыққа ие.

«Жеңіл өнеркәсіп ішінде ілгерілеп жатқан – киім-кешек. Азық-түлік өнімдерінің ішінен сусын, шарап өндіретін компаниялар жатады. Біз Грузиядағы сусындарды бақыладық. Ресейде қазақстандық кәмпиттер танымал. Экспортқа көп шығатын макарон мен ұн», - деді сарапшы.

Азық-түлік өнімдері Қазақстанда да Орталық Азияда, Ауғанстанда, Иранда, Ресейде, Ресейде  танымалдылыққа ие. Сондай-ақ, фармацевтикалық өнім де сыртқы шыға бастады.

«Біздің дәрілік өнімдер ТМД елдерінің ішінде Турікменстан нарығында танымал. Біздің өнім бәсекеге қабілетті өнімдер қатарына еніп жатыр», - деді А.Арынов.

Ботагөз Айтжанова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика