Білім беру

Әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін 2016 жылы 10-нан жаңа астам курс енгізіледі (ФОТО)

2016 жылы ҚР ҚК әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында жаңа 12 курсты енгізу жоспарланып отыр. Аталған курстар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің біліктілікті арттыру факультетінде ұйымдастырылатын болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 21 Қазан, 09:38

Осылайша қолдағы бар 10 бағытпен қоса Қазақстан Қарулы Күштерінің түрлері, тектері мен арнайы әскерлерінің әскери мамандық ерекшеліктерін ескере отырып әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ инженерлік қамтамасыз ету, химиялық қорғаныс, байланыс, психология, идеологиялық қамтамасыз ету, техникалық, тылдық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша курстық даярлықтар енгізіледі.

 Сонымен қатар ҰҚУ әскери қызметшілерінің алғашқы әскери даярлығын жетілдіру курстары мен әскери прокуратураны басқару органдарының (әскери басқару органдарының жауынгерлік даярлық мәселесі бойынша) қызметкерлерін оқыту курстары да бар.

 Аталған курстар әскери қызметшілердің кәсібилігін, тілдік даярлық деңгейін арттыру, басшылықтың командалық және әдістемелік дағдыларын, әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын, шаруашылық қызметін қалыпастыру, жеке құрамның тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жуырда он бір әскери қызметші бригада (полк) сержанттарының курстық даярлығын аяқтады. Жыл басынан бері жалпы саны 1 000-нан астам әскери қызметшіні оқытты. Факультеттің құрылған кезінен бастап ҚР Қарулы Күштерінен жалпы саны 3 000-нан астам офицер мен сержант біліктілігін арттырды.
 





Яндекс.Метрика